Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жоспарлы профилактикалық екпелерді және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидаларын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жоспарлы профилактикалық екпелерді және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидаларын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министр бұйрығының қосымшасында тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе өзге де себептер себебінен жоспарлы профилактикалық екпе алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарының жанындағы шағын орталықтарға, басқа да ұйымдарға баруға жіберу топтарда, сыныптарда (түзету үлгісіндегі топтарды қоспағанда) ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейіне қол жеткізуді ескере отырып жүзеге асырылатыны аталған.
"Мектепке дейінгі ұйымдарда топтар қалыптастыру кезінде ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейіне қол жеткізу қамтамасыз етілетін жоспарлы профилактикалық екпелерді алмаған (профилактикалық екпелерді жүргізуге тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы себептері бойынша және басқалары) балалардың санына жол беріледі.
Мектепке дейінгі ұйымдардың топтарында ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін балаларды жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтудың шекті деңгейі кемінде 90 пайыз деңгейінде сақталады.
Жоспарлы профилактикалық екпелер алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу олардың топтардағы үлесі 10 пайыздан аспаған кезде ғана жүзеге асырылады", - делінген құжатта.
Құжаттың толық мәтіні ДСМ сайтында жарияланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!