Екпе алмаған жұмысшыны шеттету дұрыс па? Бас еңбек инспекторының жауабы

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екпе алмаған жұмысшыны шеттету дұрыс па? Бас еңбек инспекторының жауабы

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық норма жариялады. Сол нормада жұмыс беруші міндетті вакцинациядан өтпеген қызметкерді жұмысқа жібермеуі керек екені жазылған. Міндетті вакцина алмаған қызметкер ПТР-сынамадан өтуі керек екені де айтылған. Осы нормаға қатысты Қазақстан бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

"Еңбек кодексінің талаптары бойынша бүгінде жұмыс берушілер республиканың немесе өңірдің бас санитария дәрігерінің қаулысын негізге ала отырып, вакцина алмаған және ПТР тестіден өтпеген жұмысшыларды еңбекке араластырмау керек. Еңбек кодексінің 48-бабының 1-бөлігінде заңнамалық және мемлекеттік органдар шығарған актілер негізінде еңбектен шектеуге жол берілетіні айтылған. Яғни Денсаулық туралы кодекс бойынша Бас санитария дәрігердің қаулысын орындау міндетті.

Жұмыс берушілер вакцина алмаған жұмысшыларды еңбектен шектеуге құқылы. Тіпті жұмыстан шеттетілген уақытта айлық төлемей де шектей алады. Бірақ екіжақты келісім болса, айлықтың 50% немесе ең төменгі еңбекақы мөлшерін төлей алады. Бірақ екі жақтың да келісімі болғанда ғана осылай болуы мүмкін", - дейді ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети