Екпе алмаған қазақстандықтарға SMS-құттықтау келген: ДСМ пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екпе алмаған қазақстандықтарға SMS-құттықтау келген: ДСМ пікір білдірді Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде вакцинациядан өткені туралы SMS-құттықтаулар келіп жатқанын айтып шағымданды. Алайда шын мәнінде олар екпе алмаған. Тұрғындар осыдан біреулер "ақша таппақ" деп күдіктенген. Вице-министр Бейбіт Есенбаев жағдайдың үш ықтимал себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есенбаев айтқан себептердің бірі - адам факторы. Медицина қызметкері ақпараттық жүйеге басқа науқастың деректерін қате енгізуі мүмкін.

"Екінші нұсқа - медициналық ұйымдар тарапынан ақпаратты әдейі енгізу. Үшінші нұсқа - мобильді деректер базасына нөмірді енгізу кезінде қате болуы мүмкін", - дейді министрдің орынбасары.

Егер тұрғын да, оның балалары да екпе алмаған болса, бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарлау керек.

"Екінші нұсқа - eGovmobile мобильді қосымшасындағы eDensaulyq бөліміндегі ақпаратты түзетуге өтініш беру. Бұл электрон өтініш Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына да түседі және қажетті шаралар қабылданады", - деп сендірді Есенбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.15  course down  592.2  course up  6.49  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети