15 маусым 2023 | 10:14

Екпеден бас тарту: Астанада балалар арасында қызылша ауруы тіркеле бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Астанада балалар арасында қызылша ауруы анықтала бастады. Астана қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлім бастығының орынбасары Жанна Пралиеваның айтуынша, ата-анасының қарсылығына байланысты науқас адамдардың барлығына екпе салынбаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада балалар арасында қызылша ауруы анықтала бастады. Астана қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлім бастығының орынбасары Жанна Пралиеваның айтуынша, ата-анасының қарсылығына байланысты науқас адамдардың барлығына екпе салынбаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пралиеваның айтуынша, екпе салмау жұқпалы ауруға шалдығу және тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

"Биыл 2023 жылдың 13 маусымындағы жағдай бойынша, Астанада 34 бала қызылшамен ауырып, олардың ата-аналары жоспарлы (қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы біріктірілген) екпесніен бас тартты. Өкінішке қарай, ата-аналардың екпеден бас тартуы баланың денсаулығына ғана емес, жақындарына да қауіп төндіреді", - деді Жанна Пралиева

Оның айтуынша, қаладағы екі мектепке дейінгі балалар ұйымында қызылша ауруы тіркелген. Қызылша ауруын жұқтырған бала екпе салдырмаған сегіз балаға жұқтырып, сосын ұйымдасқан ұжымға барған бала да екпе салдырмаған төрт балаға жұқтырған.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлім басшысының айтуынша, ата-аналарының екпеден бас тартуына байланысты барлық науқастар екпе алмаған, соның салдарынан балалар "қызылшаның типтік түрі" диагнозымен аурухана төсегіне жатқызылған. Ауру ауыр дәрежеде және асқыну қаупі бар.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлім басшысы көптеген жылдар бойы Үндістанда шығарылған қызылшаға, паротитке және қызамыққа қарсы екпесі (ҚПҚ) жоспарлы екпелер мен індет ошақтарын оқшаулау үшін қолданылғанын еске салды. Бұл екпенің әсері 95-97 пайызға жетеді.

"Астанадағы 58 тұрғын қызылша ауруын жұқтырды. Оның ішінде 48 бала, екпеден уақытша медициналық босатылған 9 бала, 34 немесе 71 пайызы ата-аналарының бас тартуына байланысты қызылшаға қарсы екпе алмаған.

Құрметті ата-аналар, жоспарлы профилактикалық екпелерден бас тартпауларыңызды сұраймыз, өйткені балаларыңыздың денсаулығы өз қолдарыңызда", - деді Жанна Пралиева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети