31 қазан 2023 | 17:43

Экс-депутат Әлтаевқа қатысты сот отырысы жабық режимге ауыстырылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алина Шашкина

Прокурор Олжас Хайруллаев Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевтың ісі бойынша сот процесін жабық өткізу туралы өтініш білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Прокурор Олжас Хайруллаев Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевтың ісі бойынша сот процесін жабық өткізу туралы өтініш білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік айыптаушы өз өтінішіне негіз ретінде "белгісіз адамдардан" процестің кейбір қатысушыларына қорқытулар түскенін айтты.

Реклама
Реклама

"Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олар жабық сот отырысын өткізуді сұрап отыр", - деді Хайруллаев астаналық сотта өткен алдын ала тыңдау барысында.

Судья Айжан Құлбаева өтінішті қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, прокурор Олжас Хайруллаев судьядан бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұрады.

Судья Айжан Құлбава бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Бұл - сот процесі кезінде Әлтаевтың уақытша ұстау изоляторында қалады деген сөз.

Бұрынғы мәжілісмен Нұржан Әлтаев сотқа жеткізілді

Басты сот отырысы 7 қарашада сағат 10:00-де жабық форматта өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная