31 қазан 2023 15:41

Бұрынғы мәжілісмен Нұржан Әлтаев сотқа жеткізілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ Tengrinews.kz

Астанада Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотталушы Астана Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының залына жеткізілді. Қылмыстық іс 15 томнан тұрады, іс бойынша 18 куәгер бар.

"Әлтаев 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін А.Мырзахметовтен жалпы қамқорлық жасағаны және "Атамекен" ҰКП мүддесін лоббилеу үшін делдал арқылы пара ретінде жалпы сомасы 50 миллион теңгеден (115 мың доллар және 8 миллион 150 мың теңге) аса қаражат алды деп айыпталып отыр", - деп хабарлады сот.

Істі судья Айжан Құлбаева қарап жатыр. Судья қаулысына сәйкес, Әлтаев Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

Ол параның 70 еселенген сомасынан 80 есеге дейінгі мөлшерінде айыппұл түрінде айыппұл салу не мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Әлтаев жасаған қылмыс аса ауыр қылмыс санатына жатады. Ол бойынша міндетті түрде алдын ала тыңдаулар өткізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети