14 мамыр 2016 14:38

Экс-депутат: Мен барлығынан бас тартып, сапалы қызанақтар өсіруді қолға алдым

ПОДЕЛИТЬСЯ

Темірхан Досмұхамбетов. © Tengrinews.kz Темірхан Досмұхамбетов. © Tengrinews.kz

Экс-мәжілісмен, "Байсерке-Агро" агроөнеркәсіп холдингінің жетекшісі Темірхан Досмұхамбетов барлығынан қалай бас тартып, сапалы көкөністерді өсіре бастағаны жөнінде айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астанада өтіп жатқан жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысынан.


Экс-мәжілісмен, "Байсерке-Агро" агроөнеркәсіп холдингінің жетекшісі Темірхан Досмұхамбетов барлығынан қалай бас тартып, сапалы көкөністерді өсіре бастағаны жөнінде айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астанада өтіп жатқан жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысынан.

"Барлық мәселе жер бойынша жұмыс істемеуімізден туындады. Депутат болған кезімде мен барлық ауылдарды араладым, көбісі тіпті заңды оқымаған да. Танымайтын адамдар осының барлығын бастап жүрді. Мен ол жөнінде айтқым келмейді, менің айтқым келетіні, қазір ауыл шаруашылығымен айналысатындарға көмек керек. Осы мәселеге жүйелі түрде қарау керек. Сіздер білесіздер, мен депутат болдым, кейін ауыл шаруашылығын қалай дамыту керек екенін көрстеу үшін барлығынан бас тарттым", - деді Досмұхамбетов.

Ол ауылшаруашылығымен айналысатын қазақстандық кәсіпкерлердің көбінде 500-600 мың гектар жер бар екенін, дегенмен ештеңемен айналыспай отырғанын айтты. Фермердің айтуынша, комиссия жерді қалай дұрыс бөлу керек екенін ойлануы керек. Сонымен қатар, ол жер мәселесін ғылымсыз шешу мүмкін емес екенін жеткізді.

"Қазір мен бір сиырдан 72 литр сүт алып отырмын, мұндай жағдай Қазақстанда болған емес. Мұның барлығы дұрыс тамақтандыруға, дұрыс жұмысшылар табуға байланысты. Сондықтан да біз жақсылап ойлануымыз керек. Сондықтан да мен жерді жалға беру керек деп ойламын. Бірақ шетелдіктердің онда қанша инвестиция құя алатынын білу керек, егер көп болса 10 жылға, ал егер одан да көп болса 25 жылға", - деді Темірхан Досмұхамбетов.

Ол қазіргі кезде ауылшаруашылығына бюджеттен бөлінетін қаражаттың аз екенін, сондықтан да оны дұрыс пайдалау керек екенін жеткізді.

Экс-депутат ауыл шаруашылығынан пайда түсіру үшін халықты оқыту керек екенін де айтты. "Дұрыс несие беру керек, қаржыландыру керек. Біздің банктер өте нашар жұмыс істейді. Беріп отырған несиелерінен 3-4 есе көп кепіл сұрайды. Осы жерде біз комиссиямен дұрыс жұмыс істеп, халыққа қандай жағдайда табыс таба алатындарын түсіндіру керек", - деді экс-мәжілісмен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети