Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде видео үндеу жариялады. Ол марқұм Салтанат Нүкенованың ағасының беделін түсіру үшін қызына нұқсан келгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде видео үндеу жариялады. Ол марқұм Салтанат Нүкенованың ағасының беделін түсіру үшін қызына нұқсан келгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Назым Қаһарман Facebook желісінде 10 жастағы қызын зорламақ болды деп тараған жазбаға жауап берді. Оның айтуынша, Салтанат Нүкенованың ағасы Айтым (Айтбек) Амангелдіні айыптаған жазба - жала.
"Толық ауыстырған (әлеуметтік желілердегі жарияланым авторы - еск.) барлық мағынасын, менің ойымша, тіпті оқымаған да. Кейбір сөздерді қолдана отырып, менің ойымша, өзінің мақсаты үшін. Енді мұны мен теріске шығаруым керек. Қызымның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, менің, "сатқын" екеніме және т.б. әсерін тигізді. Сондықтан мен сол күн туралы, оның негізінде бір сөзді қолдана отырып, не болғанын білмей, жазба жариялаған хаттама туралы айтуды шештім. Мұның бәрін беделді түсіру үшін пайдаланған", - деді Назым Кахарман.
Ол марқұм Салтанат Нүкенованың ағасын танымайтынын және дос емес екенін айтты.
"Мен оның бүкіл отбасына қайғырып көңіл айтамын. Менің мәлімдемем өзімнің және менің қызымның мүддесін қорғау", - деді Назым.
Назым Қаһарманның әңгімесіне қарағанда, 2023 жылдың наурызында оның қызы мен ұлы Бишімбаевпен бірге болған. Бір түнде төбелес болып, оған балалар куә болған. Кейін қызы анасына қорыққаннан хабарлама жіберген.
Келесі күні Бишімбаевтың бұрынғы әйелі қызы есеңгіреп қалғандықтан полицияға хабарласқан.
"Мен бірінші кезекте Қуандыққа ашуландым, олардың қауіпсіздігіне жауап беруі керек. Ол жерде не болғанын білмедім. 102-ге телефон соғып, қызыма шабуыл жасалғаны туралы полицияға хабарластым. Оператор сексуалдық зорлық-зомбылық болды ма, жоқ па деп сұрады. Мен оған: "Жағдайды білмеймін, ол жерде болған жоқпын, келіңдер, анықтайық", дедім", - дейді Назым.
Оның айтуынша, балалардан жауап алынған. Осыдан кейін Айтым Амангелді балаларға қатысты ешқандай заң бұзбаған деген қорытынды жасалған.
"Бұл әкімшілік құқық бұзушылық. Негізі Қуандық Бишімбаев арыз жазуы керек еді. Қызым мен ұлымның айтуынша, жағдай былай болғанын түсіндік. Кешкі сағат 19.00 шамасында Қуандық бір жаққа кетіп қалады. Кешкі сағат 10-11-де Салтанат та кетіп қалады. Түнгі сағат 2-де домофон шырылдаған. Қызым жауап берген, ол - Салтанаттың ағасы. Олар бір-бірін білетін. Ол ішке жүгіріп кіріп, оны ұстап алып, Салтанаттың қайда екенін сұрайды. Екеуі пәтерді бірге аралап, Салтанат пен Қуандықты іздеген. Осыдан кейін Айтым Қуандыққа телефон соққан. (...) Бұл жерде Айтым жайлы айта кету керек. Ол қызымның қасына келіп: "Балақай, қатты қорқып кеттің бе? Бәрі жақсы ма?" деп сұраған".
Айтым Амангелді Назым Қаһарманның қызына Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы соққыға жыққанын айтқан.
Назымның айтуынша, Қуандық Бишімбаев келгенде Айтым Амангелді екеуінің арасында төбелес болып, айқай-шу басталады.
"Қуандық пен Айтымның арасында ұрыс болып жатқанда, балаларым шкафқа тығылып, бәрі тынышталғанша отырған".
Балалардың анасының айтуынша, Айтым Амангелді Қуандық Бишімбаевтың үйіне Салтанат Нүкеновадан оның соққыға жығылған суреттерін алғандықтан келген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, 16 қаңтарда Бишімбаевқа тағы бір қылмыстық бап – "Қинау" (ҚК-ның 110-бабы 2-бөлігі) бойынша айып тағылғаны белгілі болды. Алғашында Бишімбаевтың ісі бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеу басталды. Кейін "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" - 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағына қайта сараланды.
Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.
Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!