09 маусым 2021 | 10:07

Экс-министр Біртановтың үйқамақ мерзімі ұзартылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі 2021 жылдың 14 шілдесіне дейін ұзарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі 2021 жылдың 14 шілдесіне дейін ұзарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР ҚІЖК-нің 55, 56, 151, 152-баптарын басшылыққа ала отырып, сот мынаны қаулы етті: Елжан Амантайұлы Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 2021 жылғы 14 маусымнан бастап 14 шілдені қоса алғанда 9 айға ұзартылсын. Күдіктінің қорғаушылары мен адвокаттарының өтініші қанағаттандырусыз қалдырылсын", - деді тергеу сотының судьясы Ақмарал Исаева.

8 маусымдағы сот отырысында прокурор Елжан Біртановқа қатысты отбасы мүшелерінен басқа барлық адаммен кездесуге шектеу қоюды, телефон арқылы сөйлесуге тыйым салуды, "күдіктінің бірқатар тәртіпбұзуларына" байланысты тұрғын үйден шығуға тыйым салуды сұраған.

Бұған жауап ретінде Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы оған айыпталушы емес адамдармен кездесуге, телефонмен сөйлесуге және электрон қосымшаларды пайдалануға рұқсат етілгенін айтты. Сондай-ақ, Біртанов оған қозғалыс құқығын беруді сұрады, өйткені мұны қазіргі жұмысы талап етеді. Ол жеке компанияда жалдамалы директор болып жұмыс істейді. 

21 сәуірде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа үйқамақ мерзімі ұзартылған, бірақ пәтерден белгілі бір уақытта ғана шығуға рұқсат берілген. 

Мамырда Елжан Біртановтың үйқамағы прокурордың өтініші бойынша 14 маусымға дейін ұзартылды. Бұл ретте сот Біртановқа тұрғын үйден шығуға толық тыйым салу туралы прокурордың өтінішхатын қабылдамады.

Біртанов бұған дейін сотта денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқару кезінде ешқандай сыбайлас жемқорлыққа қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 479.5   535.02   5.16 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети