Ұлттық экономиканың экс-министрі Руслан Дәленов Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық экономиканың экс-министрі Руслан Дәленов Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Руслан Дәленов ЕАДБ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды және банк басқармасының жаңартылған құрамына кірді", - делінген хабарламада.
Одан бөлек, Дәленов бүгін коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын хабарлады.
Минуту назад привился Спутником V
— Руслан Даленов (@DALENOV) February 12, 2021
Руслан Дәленов Ыстамбұлдағы Мармара университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінде бастап, жетекші маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары және басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
2002 жылдың наурыз-қыркүйек айлары арасында ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кірістерді талдау және болжау департаментінде басқарма басшысы қызметін атқарған.
Ал 2002 жылдың қыркүйегінен 2003 жылдың мамыр айына дейін ҚР Қаржы министрлігінің Кірістер, конвенциялар және келісімшарттар департаментінің ағымдағы кірістер басқармасының басшысы болған.
Кейінірек ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасында басшы қызметін атқарады. Содан Қаржы министрлігінің Талдау департаменті директоры болып жұмыс істейді. 2005-2008 жылдар арасында жеке секторда жұмыс істеген.
Ал 2008 жылдың наурызында қаржы вице-министрі болып тағайындалған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!