Экс-министр Цой Біртанов ісі бойынша сотта куәлік берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұрын Денсаулық сақтау министрлігін басқарған Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сот процесінде куәгер ретінде жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұрын Денсаулық сақтау министрлігін басқарған Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сот процесінде куәгер ретінде жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цой 2017 жылы вице-министр ретінде министрлікті ақпараттандыруға жауапты болғанын айтты. Сол жылдары ол денсаулық сақтау жүйелерін ақпараттандыру және өзара әрекеттесу платформасын әзірлеуді қадағалаған, ол дұрыс жасалмағаны үшін Біртанов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған.

"Бұл үкіметтің ресми қолдауына ие болған Дүниежүзілік банк жобасы болатын. Жоба өзара әрекеттесу платформасын қамтыды. Алдын ала төлем керек еді, нақты цифрды айта алмаймын. Сома компанияның кепілдік міндеттемелерімен кезеңдерге бөлінді, шарттар мен қамтамасыз ету де анықталды. Алдағы уақытта компания қызметкерлерін оқытып, платформаны пайдалануға беруі керек деп есептелді. (...)

Келісімшарт бойынша ол мерзімінен бұрын орындалуы керек еді, бірақ түрлі форс-мажорлық жағдайларға байланысты келісімшарт мерзімі ұзарды. Техникалық спецификацияда қарастырылған кейбір жабдық алып тасталды және жаңа сипаттамаларды бекіту керек болды. Артынша Ericsson Nikola Tesla компаниясы мерзімді бірнеше рет шегерді. Бірақ жобаны орындау мерзімі - 2017 жыл жеткенде компания бәрін жүзеге асыруға үлгермей, ақша бюджетке қайтарылды", - деді Алексей Цой сотта.

Оның айтуынша, компания үнемі келісімшарт мерзімін ұзартуды сұраған.

"Біз оларды қолдадық. Бізге жобаның аяқталуы маңызды болды, бұл Қазақстанға өте маңызды. Біздің еліміз бұл жобаны әлемде алғашқылардың бірі болып жүзеге асыруы тиіс еді. Бірақ жобаның мерзімі аяқталуға жақын еді, біз компанияға хабар бердік, олар келді, сынақ жұмыстарын жүргізді, бірақ жүйе толық жұмыс істемеді", - деді ол.

Цой министр Біртановқа бірнеше рет Ericsson Никола Тесла белгіленген мерзімнен кешігіп, платформаны әзірлеуді аяқтамай жатқанын хабарлағанын айтты.

"Министр деңгейінде кездесулер өтті, оған жазбаша есеп бердік, ауызша айттық. Ол барлық жағдайдан хабардар болды. Ол мамандардың пікіріне сүйенді. Ол:" Іске асырыңдар, жұмыс істеңдер, тездетіңдер" деді, - деп айтты Цой. 

Нәтижесінде ENT төлеуге тиіс сома игерілмеген бөлігі ретінде бюджетке қайтарылды.

"Мәжілісте де, Сенатта да үлкен сома неге игерілмей жатыр деген сұрақ қойылды. Біз жүйе аяқталмағанын алға тарттық. Бұл ақшаны бітпеген жұмысқа төлегенше, Қазақстанда қалдырып, бюджетке қайтарған дұрыс. Әрине, қолданбағаны үшін сын айтылды, бірақ бір кездері олар бізді түсінді", - деді Цой.

Цой сонымен қатар компаниямен келіспеушіліктер 2017 жылдан 2021 жылға дейін жалғасқанын айтты. Бір кезде ENT жергілікті қызметкерлерді айыптап, қазақстандық жүйе олардың платформасына дайын емес екенін айтқан. 

Біртанов Цойдан "2017 жылы мен платформаны әзірлеу және жеткізу бойынша міндеттемелердің бүкіл көлемі үшін Ericsson Nikola Tesla сертификаттарын қабылдауды және қол қоюды тапсырдым ба?" деп сұрады. 

"Жоқ, тапсырмадыңыз", - деді Цой. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro