29 наурыз 2017 | 16:02

Экс-полицей Астанада тіркеуі жоқ шетелдіктерден ақша бопсалаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада алаяқтар полицей болып киініп, астана тұрғындары мен қонақтарының мүліктерін иемденген, соның ішінде мектептен қайтқан оқушыларды да алдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Астанада алаяқтар полицей болып киініп, астана тұрғындары мен қонақтарының мүліктерін иемденген, соның ішінде мектептен қайтқан оқушыларды да алдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Статистика бойынша, 2017 жылы "Алматы" ауданында 317 алаяқтық дерегі тіркелген. Алаяқтар тіпті оқушыларды да алдап, телефондарын алып кеткен. №28 мектеп маңында осындай оқиға болған. 

"Полицей болып киінген алаяқ телефонын пайдаланып тұрған оқушыларға келіп, телефондарын жоғалтып алмас үшін оны рюкзактарына салып қою керектігін айтқан. Балалар мейірімді болып көрінген полицейге сеніп телефондарын оның қолына ұстатады. Қылмыскер оқушының артына шығып, рокзак қалтасын тартқанымен телефонды өз қалтасына салып отырған. Осылайша, алаяқ 20 шақты оқушының телефонын иемденіп кеткен. 

Қазіргі кезде күдікті қолға түскен және уақытша ұстау абақтысына жабылды. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Тағы бір алаяқ шетелдіктерге өзін көші-қон полицейі ретінде таныстырып, құжаттарын тексерген. Құжаты өзімен болмай қалған жағдайда белгілі бір көлемдегі ақша талап етіп отырған. Осылайша, 2017 жылдың 21 наурызында ІІМ-нің арнайы күзетінің бұрынғы қызметкері А. есімді азаматтан 25 мың теңгесін алаяқтық жолмен иемденген. 

Прокурорлар құқық қорғау органдарымен дауласып қалған жағдайда оның әрекеті қаншалықты заңды екенін тексеруге шақырып отыр. 

"Сақтансаң құдай сақтайды" деген халық даналығы бар. Сондықтан тұрғындардан танымайтын тұлғаларға сене бермеуін сұраймын", - дейді "Алматы" ауданы прокурорының орынбасары Болат Мизамбаев. 

Еске салайық, Астана прокуратурасы азаматтардың құқығы бұзылмауы мен алдын алу үшін "Полициядағы кезекші прокурор" науқанын өткізіп жатыр. Әрбір азамат "Алматы" ауданының кезекші прокурорына" 46-67-54, 71-23-69 телефондары арқылы хабарласып, заң бұзушылықтар туралы хабарлай алады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети