01 наурыз 2024 | 15:41

Экс-шенеунік жолды жөндеу сапасы үшін сотталды: мән-жайы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Талдықорған қалалық соты Жетісу облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысына қатысты шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Талдықорған қалалық соты Жетісу облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысына қатысты шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін облыс прокуратурасы экс-шенеунік билігін асыра пайдаланып, салдары ауыр зардапқа әкелгенін үшін айыпталғанын хабарлаған болатын. Бұл жағдайда ол Жетісу облысының Кербұлақ ауданындағы Малайсары станциясы маңындағы жолды жөндеу сапасына жауапты болды. 2023 жылдың басында жолды еріген су шайып, бүлінген. Кейін бұл оқиға әлеуметтік желілерде қоғамдық резонанс тудырды.

"Прокурорлық тексеру осы учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрескел заңбұзушылықтарды анықтады. Арнайы прокурорлар ҚР ҚК-нің 361-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Тергеу жұмыстары жобалық-сметалық құжаттамасыз және ағымдағы жөндеу түріндегі сараптамасыз жүргізілгенін көрсетті. Нәтижесінде өткізу қабілеті есептелмеген және жұмыс сапасы қамтамасыз етілмеген, бұл жолдың бұзылуына әкелді. Мемлекетке келтірілген залал 22 миллион теңгеден асты", - деп хабарлады бұған дейін Жетісу облысы прокуратурасы.

Сотталушыға кінәсін мойындау, жасы және келтірілген залал ескеріліп, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалды.

"Ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілетті теріс пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс келісу ісінде қаралды. Талдықорған қалалық сотының үкімі бойынша, сотталушы ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша 3,5 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындау және мемлекеттік қызметтегі лауазымынан өмір бойына айыра отырып, кінәлі деп танылды", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Орынбасаров.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2023 жылғы наурызда Кербұлақ өңірінде еріген су Малайсары-Сарыөзек аудандық жолының бойынан асып кеткен болатын. Жетісу өңірінің құтқарушыларына жергілікті тұрғындарды су басқан жол арқылы тасымалдауға тура келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети