Қараша айының алғашқы күндері "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ ресми түрде қатысушы елдерге салынып жатқан павильондарды беруге дайын болады. Бұл туралы панельдік сессия барысында "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов мәлімдеді, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы туризмді дамытудың жаңа мүмкіндіктері" сессиясы барысында тараптар туристік нарықты дамыту идеяларымен бөлісіп, еуразиялық кеңістікте интеграциялық жобаларды дамыту жағдайында екі елдің өзара қарым-қатынасын одан әрі дамыту мәселелерін қарады.

"ЭКСПО көрмесі 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтеді. Бүгінгі таңда өзінің қатысатындығын 103 ел, 17 халықаралық ұйым растады. Біз өзіміз бекіткен 100 ел мен 100 халықаралық ұйым шегін асып өттік", - деп мәлімдеді Ербол Шорманов.
Оның айтуынша, Ресей павильоны көрменің қолайлы алаңында орналасқан, жанында ірі сауда орталығы бар. Ресей Федерациясының павильон алаңы 1 008 шаршы метрді құрайды.
«Қазан айының соңына дейін барлық құрылыс жұмыстарын аяқтаймыз. Қарашаның алғашқы күндері «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ресми түрде қатысушы елдерге салынып жатқан павильондарды беруге дайын болады», - деді Ербол Шорманов.
Айта кетер болсақ, көрмеге 5 млн астам келулер болады деп күтілуде. Қоғамдық маркетингтік зерттеуге сәйкес, келушілердің 85 пайызы өз еліміздің азаматтары болса, 15 пайызы шетелдіктер болмақ.
Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесі әлемнің 40 елінде ілгерілетілетіні белгілі болды. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ мен "Русатом - Халықаралық жүйесі" мекемесі ынтымақтастық туралы Меморандумға қосымшаға қол қойды.
"Русатом - Халықаралық жүйесі" мекемесі "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін 2016-2017 жылдары әлемнің 40 елдерінде өткізілетін көрме, конференцияларда ілгерілететін боламыз", - деді меморандумға қол қою барысында "Росатом Орталық Азия" ЖШС бас директоры В. Драгунов.
Өз кезегінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында "Росатом" мемлекеттік корпорациясын серіктесі ретінде көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Еске салсақ, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келулер болады деп күтіліп отыр екен.