21 қазан 2016 | 15:25

ЭКСПО-2017 инфрақұрылымының негізінде халықаралық қаржы орталығын құру қарастырылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР СІМ © ҚР СІМ

ЭКСПО-2017 инфрақұрылымының негізінде халықаралық қаржы орталығын құру қарастырылып жатыр. Бұл туралы Қалалардың тұрғын үй және тұрақты дамуы жөніндегі БҰҰ-ның Үшінші дүниежүзілік конференциясында айтылды. Айта кетейік, БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 2016 жылғы 17-20 қазан аралығында Кито қаласында (Эквадор) "Хабитат - ІІІ" Қалалардың тұрғын үй және тұрақты дамуы жөніндегі БҰҰ-ның Үшінші дүниежүзілік конференциясы болып өтті. БҰҰ тұрғын үй шаруашылығы және қалалардың дамуы жөніндегі саммиттері жиырма жылда бір рет өткізіледі. Бірінші "Хабитат" конференциясы Канаданың Ванкувер қаласында 1976 жылғы маусымда өтті. Екінші "Хабитат - ІІ" конференциясы Ыстамбұлда 1996 жылғы маусымда өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

Иконка комментария блок соц сети

Конференцияға Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қ.Әбдірахманов бастаған қазақстандық делегация қатысты. Делегация басшысы өз сөзінде елдегі қалалық агломерацияларды дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша үкіметтің жұмысы туралы хабардар етті. Қазақстан үкіметі тұрғын үй және қалалық тұрақты дамутұрғысында, урбанизация және қалалық шаруашылықты басқару, қолжетімді баспана, денсаулық және білім беру қызметтерін жетілдіру арқылы ауылдық-қалалық көші-қон, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру бойынша дәйекті саясатты жүргізіп отырғаны атап айтылды. Оған қоса, Конференция қатысушылары Азияда алғаш рет Астана қаласында "Болашақ энергиясы" тақырыбында Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу туралы және ЭКСПО-2017 инфрақұрылымының негізінде халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру жайлы хабардар етілді. АХҚО әлемдік озық тәжірибені есепке ала отырып, экономиканыәртараптандыруға, тұрақты өсуге және толыққанды қаржы жүйесін құруға бағытталған құрылымдық реформалардың негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс.

Қазақстан делегациясы пленарлық отырыспен қатар Конференция аясында өткізілген әртүрлі іс-шараларға белсене қатысты. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетінің "Госградкадастр" РМК Бас директоры Т.Мұсабаев ТМД қалаларының тұрақты дамуын ілгерілету бойынша іс-шарада негізгі спикер ретінде баяндама жасап, қатысушыларды сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі және тұрғын-үй-коммуналдықсаладағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру туралы хабардар етті.

Делегаттардың негізгі назары елді мекендердің тұрақты дамуы мәселелері, оның ішіндеелді мекендердің демографиялық проблемалары, қалалық жоспарлау, қоршаған орта және урбанизация, аймақтарды дамытуды басқару саласындағы заңнама, қалалық экономика және басқа мәселелерге аударылды. Осы мәселелердіңбарлығы мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті әзірлеген тұрғын үй және тұрақты қалалықдаму жөніндегі Хабитат III бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық баяндамасында көрініс тапқан.

Қазіргі Хабитат конференциясы 2015 жылғы қыркүйек айында "2030 жылға дейінгі күн тәртібін және тұрақты даму мақсаттарын" қабылдаған БҰҰ-ның ғаламдық саммитіненкейін алғаш рет өткізіледі. Конференция тұрақты даму үшін қозғаушы күш ретінде өз рөлін арттыру және, тиісінше, жаңа жаһандық даму мақсаттарын іске асыруға ықпал ету және климаттың өзгеруіне қарсы күреске жағдай жасау мақсатында үлкен, шағын қалалар мен жекелеген аймақтарды жоспарлау және басқару туралы маңызды мәселелерді талқылауға бірегей мүмкіндік береді.

"Хабитат - IІI" Конференциясының ресми қорытындылары бойынша әлемдегі қала халқының тұрақты өсім үлесі бар қалаларды дамытуға бағытталған, келісілген құжат қабылданады (New Urban Agenda қалалық дамудың жаңа күн тәртібі).

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети