18 қазан 2016 | 13:31

"ЭКСПО-2017 - мемлекет имиджін ілгерілету үшін тиімді алаң" - Эрлан Абдылдаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырушылар кеңсесінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Қырғызстан Республикасы Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен кездесіп, Қырғыз елінің алдағы көрмеге қатысуындағы техникалық мәселелер талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі expo2017 сайтына сілтеме жасап. Кездесу мақсаты  - ЭКСПО-2017 дайындық барысы жөніндегі тиімді ынтымақтастықты дамыту.

Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өз сөзінде ЭКСПО-2017 мемлекет үшін маңыздылығы аталып өтті.

"Көрменің тақырыптық бағыты экономиканың маңызды бағытын дамытумен сәйкес. Сондықтан бұл мемлекеттің имиджін ілгерілетудегі, яғни басқа мемлекеттермен жаңа байланыстар, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын  тиімді алаң болары анық", - деді Эрлан Абдылдаев.

Өз сөзінде ұлттық компанияның Басқарма Төрағасы бауырлас Қырғызстанның өз жасанымдарын, технологияларын көрсетуіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Айта кетейік, көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети