ЭКСПО-2017 төрағасы мен "Астана" ХҚО басшысы көрменің болашақ дамуын талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЭКСПО-2017 төрағасы мен "Астана" ХҚО басшысы көрменің болашақ дамуын талқылады © Ratel.kz

Біз минералды ресурстарға тәуелді ел болғандықтан, Қазақстан үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану - мүлде жаңа ережелер, деді "Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов стартапфесттегі құттықтау сөзінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

"Біз "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ төрағасымен баламалы энергия көздеріне арналатын халықаралық көрменің болашақ дамуын талқыладық. Біз минералды ресурстарға тәуелді ел болғандықтан, Қазақстан үшін бұл мүлде жаңа ережелер, бірақ Қазақстан өнеркәсіпті түрлендірумен айналысады, баламалы энергия көздерін дамытады", - деді Қ. Келімбетов.

Ол оның Үкімет жұмысының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

"Біз Астанада жаңа экожүйенің құрылуын асыға күтеміз", - деп қосты Қ. Келімбетов.

Сондай-ақ, ол ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін көрме инфрақұрылымы "Астана" халықаралық қаржы орталығының бөлігіне айналатынын да еске салды.

Еске сала кетейік, Астанада NEWENERGY global startup fest өтуде, бұл - баламалы энергетика және "жасыл экономика" саласындағы стартап-компаниялардың халықаралық байқауы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети