"ЭКСПО" кешені Астанадағы қолайлы аудан болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ЭКСПО" кешені Астанадағы қолайлы аудан болады Фото Voxpopuli.kz

"ЭКСПО" көрмесінен орай Астанада бой көтеретін қалашықтың басты нысаны "Қазақстан-Астана" атты шар пішінді павильон әлемдегі ең таңдаулы ғимараттардың бірі болмақ. Бұл туралы ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрi Нұрлан Қаппаров мәлiмдедi деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне келген Нұрлан Қаппаров: "Жоба аясындағы бұл шар ерекше дүниенің бірі болады. Көлемі 80 метр болатын бұл шар-ғимарат ғаламдағы алып нысан болады деп күтеміз. Швецияда көлемі 110 метрді құрайтын жарты шар бар. Осы орайда әлемде толық шарға ұқсас ғимараттың жоқ екенін айта кеткім келеді. Сол себепті де ол ерекше деп атауға лайық", - деді. Өз сөзінде министр Астанада бой көтеретін қалашықты тұрғындарға қолайлы аудан болады деп сендірді. "ЭКСПО" туралы айтатын болсақ, көрмеден кейін бұл орын Астанадағы қолайлы, сапалы салынған аудандардың бірі болады. Онда 500 мың шаршы метрді құрайтын баспана бой көтереді және көрмеден кейін де тура осындай көлемді құрайты үйлер салынады деп күтілуде. Әрі бұл салынатын үйлер энергия көздерін тиімді пайдаланады, коммуналдық төлемақысы басқа үйлермен салыстырған едәуір төмен", - деді Н.Қаппаров.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети