16 қыркүйек 2014 | 22:01

Экстремизм үшін азаматтығы мен атағына қарамастан жазаланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews © иллюстрациясы Тengrinews © иллюстрациясы

Бас прокуратурадағылар экстремистік әрекетпен шұғылданушы кез келген адам Қазақстан заңы алдында жауап беретінін, тіпті Қазақстанға қатысты шетелдік саясаткер осындай іс жүргізсе де жазаланатынын мәлімдеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратурадағылар экстремистік әрекетпен шұғылданушы кез келген адам Қазақстан заңы алдында жауап беретінін, тіпті Қазақстанға қатысты шетелдік саясаткер осындай іс жүргізсе де жазаланатынын мәлімдеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Заң жобасында Қазақстанның егемендігіне, территориясына нұқсан келтіріп көпшілік алдында сөйлейтіндерге қатысты да пункт бар. Бұл Жириновский мырзаға және интернетте жүрген басқаларғада, аты-жөнін ұмытып қалдым, сол саясаткерлерге де қатысты ма? Яғни, бұл біздің еліміздің егемендігіне күмән ұялатуға ұмтылушы іс-қимылдар. Бұл тізімге осы масштабтағы саясаткерлер іліне ме?" - деп сұрады жоғары палата комитетіне экстремизим мен лаңкестікке қарсы іс-қимылға қатысты заң жобасын таныстырған Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченкодан Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова.

"Бұл арада ол ұсақ кәсіпкер бола ма, әлде мұғалім немесе жоғары дәрежелі саясаткер бола ма, ешқандай айырмасы жоқ. Экстремистік іс-қимыл жасағандар, экстремизмге шақырушылар басқа елдің жоғары дәрежелі саясаткері бола ма, бәрібір, біз оларға Қазақстан заңнамасы қарастырған шараны қолданамыз. Заң алдында бәрі бірдей" - деді Кравченко.

Бұл мәселені депутат Икрам Адырбеков жалғастырды.

"17-бапта Қазақстан Республикасына қарсы әрекет ететін, көпшілік алдында ел егемендігіне селкеу түсіріп, мәлімдеме жасайтын шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды Қазақстан Республикасына кіргізбеу туралы айтылады. Мен ондай саясаткерлерге өзінің жымысқы әрекетін жүзеге асыру үшін біздің елге келуінің қажеті жоқ деп ойлаймын, олар оны БАҚ арқылы жасай береді, сөйтіп ондай ақпарат әрбір шаңыраққа, әрбір отбасына жетіп жатады" - деді Адырбеков.

Ол ұсынылған өзгерістер ішінде тағы бір бап барын баса айтты. Онда экстремизмді БАҚ арқылы таратуға соттың шешімімен тыйым салынады, ондай бұқаралық ақпарат құралының қызметі доғарылады делінген. "Неге  еліміздің бүтіндігіне, егемендігіне нұқсан келтіретін сол саясаткерлердің сөзін таратушы БАҚ-тарға қарсы шара қолданылмайды?" - деп сұрақ қойды Адырбеков.

"Ең алдымен, Үкімет, құқыққорғау органдары мұндай тұлғаларға Қазақстан атынан ресми мәлімдемесі үшін наразылық білдіреді. Олар шетелде тұрады. Шетелдің азаматы болғандықтан, ҚР құқыққорғау органдарының құрығына ілінбейді, бірақ БАҚ арқылы мәлімдемелері шынымен де тез тарайды. Алайда елімізде жұмыс істеп жатқан ресейлік телеарналардың тең жартысы мемлекеттік құзырлы органдарда тіркелмеген. Сондықтан есепке алынбаған шетелдік телеарналардың хабар таратуын осыған байланысты тоқтатуға әбден болады" - деді Кравченко.

Біраз уақыт бұрын, қазақстандық депутаттар елміздің билігінен ЛДПР көшбасшысы, депутат Владимир Жириновскийдің арандатушылық мәлімдемесін назардан тыс қалдырмауды сұраған.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети