18 наурыз 2014 | 12:00

"Ел арна" жұмысын тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ел арна" логотипі "Ел арна" логотипі

"Ел арна" хабар таратуын тоқтатты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазіргі таңда арнаның жиілігінде тәулік бойы жаңалық тарататын 24.kz арнасы көрсетілуде. "Хабар агенттігі" АҚ хабарлауынша 2014 жылдың 18 наурызынан бастап 24.kz арнасы Қазақстанның 98,8 пайызына таратылмақ. Бұрын 24.kz тек спутник арқылы Қазақстанның 37 пайзына таратылған болатын. Ендігі уақытта бұл арна "Ел арнаның" жиілігінде тәулігіне 16 сағат хабар таратпақ. "Ел арна" арнасы 2000 жылы ашылған болатын. 2004 жылы арнаның бағыты аздап өзгеріп, жастар аудиториясына икемделген болатын. Арнаның жабылатыны туралы сыбыс 2014 жылдың қаңтарында тарады. Кейін Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев бұл ақпаратты растады. Оның айтуынша жыл сайын "Ел арна" арнасына бөлінген 2 миллиард теңге болашақта 24.kz арнасының тілшілер қосынын ашуға және 2 фильм түсіруге жұмсалмақ. "Ел арна" арнасының бұрынғы басшысы Айгүл Мүкей әлеуметтік желіде өзінің парақшасына арнаның қалыптасуы туралы жазыпты. "2000 жылы "Ел арнаның" ашылуы менің есімде жақсы қалыпты. Жаңалықтар тілшісі ретінде бұл үлкен жетістік болды. Қазақ тілінде хабар тарататын мемлекеттік арнаның ашылуы біз үшін зор қуаныш болды. Мен "Ел арнаға" 2009 жылы келдім. Қазақ музыкасын, әзілін, костюмдерін, барлығын жастарға икемдеп, креативті етіп жасауға тырыстық. Ия, бюджеттік ақшаны үнемдеу дұрыс шығар, бірақ арнаға бөлінген ақшаға бір-екі фильм түсіру ақылға сыймайды. Мен түсінбеймін..." дейді ол. Естеріңізге сала кетейік 2013 жылы Ақордада өткен Үкімет отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір-бірін көшіретін мемлекеттік БАҚ-тарды реттеуді тапсырған еді. "Бірін бірі көшіретін арналарда ешқандай шығармашылық жаңалық жоқ", деп сынаған болатын президент.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети