01 қыркүйек 2021 | 12:46

Ел тұтастығына қол сұғуға жол бермейміз - Тоқаев

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев радикализмнің кез келген түрін қатаң түрде басуға уәде беріп, Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен ел тұтастығына қол сұғуға жол бермейтін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев радикализмнің кез келген түрін қатаң түрде басуға уәде беріп, Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен ел тұтастығына қол сұғуға жол бермейтін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Этносаралық қатынастың үйлесімді дамуы әрқашан мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болған және бола береді. Бұл тәсілді қазақстандықтардың көпшілігі қолдайды. Ел азаматтары үшін келісім, толеранттылық - бұл өмірдің өзі, мәдениеттер мен тілдердің араласуы.

Біз, Конституцияға сәйкес, біртұтас ұлтпыз. Бұл - біздің сөзсіз күшіміз. Пікір плюрализмін қолдай отырып, біз радикализмнің кез келген түрін қатаң түрде тоқтатамыз. Біздің мемлекеттік егемендігімізге, аумақтық тұтастығымызға қол сұғуға жол бермейміз", - деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасап, елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтатыны хабарланған болатын. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная