Ел үмітін және сенімін ақтауға тиіспіз - Тоқаев

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде халықтың Конституцияға енгізілетін түзетулерді референдумда қабылдағанын және оның заңды түрде күшіне енгенін атап өтті. Осылайша, азаматтарымыз Жаңа, Әділетті Қазақстан құруды қолдады.

"Референдум ауқымды жаңғыртуларды жалғастыруға жол ашты. Біз елдің үмітін және сенімін ақтауға тиіспіз. Барлық салада бәріне бірдей мүмкіндік берілетін қоғам құруымыз қажет. Тұрғындар экономикалық өсімнің игілігін, шын мәнінде көруі керек. Мемлекеттің байлығы белгілі бір адамдарға емес, барша халыққа тиесілі. Сондықтан, бүкіл халықтың әл-ауқатын арттыру - алдымызда тұрған аса маңызды міндет", - деді Президент.

Мемлекет басшысы экономика саласын тәртіпке келтіріп, түсінікті әрі әділ ойын ережесін бекіту қажет деп санайды. Оның айтуынша, бұл бағытта қордаланған проблемалар мен олқылықтар бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанда экономикалық дамудың басты қағидаты табыстың әділ бөлінуі және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру болуға тиіс екенін атап өтті.

"Жуырда менің Жарлығыммен экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы комиссия құрылды. Бұл комиссия заңсыз жылыстатылған қаражатты елге қайтарумен айналысады. Оның жұмысы ұдайы қоғам назарында болады. Халық бізден бос уәде емес, нақты нәтиже күтеді", - деді Президент.

Президенттің пікірінше, ынтымақты, заңдылықты және жауапкершілікті мінсіз сақтау маңызды.

"Барлық іс-әрекет құқықтық нормаларға толық сай болуға және заңға қатаң әрі мүлтіксіз негізделуге тиіс. Прокуратура қадағалаушы орган ретінде қабылданатын барлық рәсімдердің заңға толықтай сәйкес келуін қамтамасыз етуге міндетті. Бұл мәселеде қателесуге және біліксіздік танытуға болмайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ведомствоаралық комиссияны белсенді әрі нәтижелі жұмыс істеуге шақырды. 

"Комиссия жұмысының нәтижесі нақты әрі сапалы болуы керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, елімізден заңсыз шығарылған капиталды барлық заңды рәсімдерді сақтай отырып қайтару үшін белгілі бір уақыт керек екенін түсіну қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, басты мақсат сотқа берілген қылмыстық істердің саны емес, экономиканы нақты сауықтыру.

Президент комиссияның қызметі жөнінде жұртшылыққа жүйелі түрде хабар таратып отыруды тапсырды. 

"Біздің мақсатымыз - айқын. Халықтан ұрланған активтерді елге қайтарып, әділдік орнатуымыз керек. Қазір, ең бастысы, жұмысты тиімді ұйымдастыру қажет. Комиссия мүшелері осы міндетті абыроймен атқарады деп сенемін. Президент Әкімшілігі барлық жұмысты бақылауда ұстайды", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, жиында Премьер-министр Әлихан Смайылов және Бас прокурор Берік Асылов баяндама жасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro