Елбасы әлем державаларының қақтығысы жайлы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы әлем державаларының қақтығысы жайлы пікір білдірді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ірі елдердің қарым-қатынасы шиеленіскен тұста ел билігінің қауіп-қатерлі жағдайда жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлемде қазір жағдай қиын. Басты мемлекеттердің барлығы, негізгі державалар тіл табыса алмай жатыр. Адамзаттың жағдайын ойлауы тиіс мемлекеттер. Мәселен, АҚШ пен Ресейде 15 мың ядро оқ жатыр. Адамзатты бірнеше рет жойып жіберуге болады. Бірнеше рет. Мұндай елдер тіл табыса алмаса, бәрімізге де қауіпті", - деді Назарбаев VIII Азаматтық форумда.

Ол АҚШ пен Қытайдың сауда соғысы мен өзге елдердің санкциялық шешімдерінің Қазақстанға да әсер ететінін мәлімдеді.

"Сондықтан үкімет те, мен де өте күрделі жағдайда жұмыс істеп жатырмыз. Бізге қандай да бір әсері болса, қалай жауап беруіміз керек? Сондықтан бірлік, татулық, патриоттық, елің, отаның үшін жауапкершілік арқалау өте қажет. (...)", - деді Назарбаев форум қатысушыларына.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети