Елбасы әлемнің түрлі елдеріндегі көптеген футуристік нысанның авторымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы әлемнің түрлі елдеріндегі көптеген футуристік нысанның авторымен кездесті © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев испан сәулетшісі Сантьяго Калатравамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев испан сәулетшісі Сантьяго Калатравамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Сантьяго Калатрава Мемлекет басшысына Қазақстанға келіп, елорданың сәулет нысандарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты.

Қазақстан Президенті Астана бірегей сәулетімен және өмір сүру үшін жасалған қолайлылығымен ғана емес, сондай-ақ қайталанбас атмосферасымен ерекшеленетінін атап өтті.

"Елордада тұрғысы келетін адамдардың саны артып келеді. Қала халқының саны бір миллионға жақындады. Келесі жылы біз Астананың 20 жылдығын атап өтетін боламыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Танымал испан сәулетшісі және мүсіншісі Сантьяго Калатрава әлемнің түрлі елдеріндегі көптеген футуристік нысандардың авторы болып саналады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети