Елбасы Нұрлан Смағұловты "Барыс" орденімен марапаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Нұрлан Смағұловты "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы "Astana Group" компаниялар тобының президенті Нұрлан Смағұловты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Astana Group" компаниялар тобының президенті Нұрлан Смағұловты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрлан Смағұлов Нұрсұлтан Назарбаевқа автомобиль жасау саласының дамуы мен автомобильдерді экспортқа шығару жөнінде баяндады.      

"Сатылған автомобильдердің көлемі артып келе жатқаны байқалады. Автомобиль жасау мекемелерінде "Маз" көлігін құрастыра бастадық.  Алматыдағы зауыт "Hyundai" машинасын бояуға және дәнекерлеуге толықтай көшті. Ресей Федерациясына 450 автомобильді экспорттадық, Тәжікстанға 300 "Hyundai County" автобусын жасап, жөнелту жөнінде келісімге келдік. Мұндай операцияларды Өзбекстанмен де жүзеге асырамыз деген ойдамыз. Осылайша, Қазақстан өндіріс алаңы ретінде Орталық Азияда  маңызды рөл атқара бастады", - деп қорытындылады компания басшысы.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Смағұловты мемлекеттік, өндірістік, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі ерекше еңбегі үшін ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети