Елбасы қалай дұрыс қартаю керек екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы қалай дұрыс қартаю керек екенін айтты © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге жұмыс сапары барысында дұрыс қартаюдың құпиясын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге жұмыс сапары барысында дұрыс қартаюдың құпиясын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұрын қарияларды халықтың кекшілдері деп атаған - үйде отырады, бір нәрсеге көңілі толмайды. Қартая білу қажет, жақсы қартаю керек. Нашар қартаю дегеніміз не... Отырып, былай дейді: "Қартайған жаман. Әйелім жақсы болғанда ғой, мен жақсы болар едім. Достарым жақсы болғанда ғой, бұдан да жақсы болар едім. Үкімет маған кедергі болмағанда ғой, мен онда тіпті...", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі нысандарды аралау кезінде.

"Жақсы қартаю. Онда былай дейді: "Осы жасыма жеткеніме шүкір, балаларды тәрбиеледім, өзім өмір көрдім, тірімін және денім сау. Елім, халқым тыныш әрі аман-есен өмір сүрсінші", - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі әлеуметтік нысандарды аралау барысында қаладағы екі бөлмелі пәтердің бағасы қанша екенін сұрап көрді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети