Елбасы Қытайға мемлекеттік сапармен барғалы отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Қытайға мемлекеттік сапармен барғалы отыр Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапармен баруды жоспарлап отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап. Елбасы ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чен Гопинмен кездескен. Чен Гопин Қазақстан басшысына ҚХР төрағасы Си Цзиньпиньнің сәлемдемесін жеткізіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға жасайтын алдағы мемлекеттік сапарына дайындық барысы туралы хабарлады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қытайдың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі қызметіне белсене қатысып келе жатқанына тоқталды, сондай-ақ 2014 жылы мамырда Шанхайда өтетін АӨСШК-нің алдағы саммитіне дайындықтың деңгейі жоғары екенін айтты. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың дамып келе жатқанын, біздің еліміздің экономикалық және саяси серіктестіктің одан әрі жандануына мүдделі екенін атап өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети