Елбасы Тенді қола медаль жеңіп алуымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Тенді қола медаль жеңіп алуымен құттықтады Нұрсұлтан Назарбаев. ©Tengrinews.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді Сочи Олимпиадасындағы қола медалімен құттықтады деп хабарлайды Tengrinews.kz Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. "Нұрсұлтан Назарбаев миллиондаған қазақстандықтың және жеке өзінің атынан Денис Тенді Сочиде өтіп жатқан XXII қысқы Олимпиадалық ойындарда қола медаль жеңіп алуымен құттықтады", - делінген ресми сайтта. «Біздің бәріміз әлемнің ең үздік мәнерлеп сырғанаушылары арасындағы тартысты бәсекеге ұласқан мұз айдынындағы сенің өнеріңді демімізді ішке тарта отырып бақылаумен болдық. Сен біздің үмітімізді ақтап, еліміз тарихында алғаш рет спорттың осы түрінен олимпиадалық награданы жеңіп алдың», – делінген Елбасы жолдаған құттықтау жеделхатында. Мемлекет басшысы Денис Тенге зор денсаулық және спорт саласында жаңа табыстар тіледі. Еске сала кетейік, күллі Қазақстан жұрты үміт артқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 14 ақпан - жұма күні Олимпиада ойындарында ұлттық құрамаға алғашқы медальді алып берген еді. Ол еркін бағдарлама орындау сайысында мінсіз өнер көрсетіп, ең үздіктер қатарында болды. Дегенмен алтын медаль жапониялық Юдзуру Ханюға, күміс медаль канадалық Патрик Чанға бұйырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети