Елбасы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорадға сілтеме жасап.
Елбасы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорадға сілтеме жасап.
Кездесуде Бауыржан Байбек Мемлекет басшысына 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық барысы туралы баяндады. Алматы қаласының әкімі универсиаданы өткізуге дайындықтың кестеге сәйкес жүріп жатқанын айтты.
Сондай-ақ, Б.Байбек Қазақстан Президентіне алдағы универсиадаға әлемнің 57 елінің өкілдері қатысуға ниет білдіргенін мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, Халықаралық студенттік спорт федерациясы Универсиада-2017 студенттік ойындар тарихындағы ең ірі жарыс болуға тиіс деп болжап отыр.
Бұдан бөлек, Бауыржан Байбек Нұрсұлтан Назарбаевты Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы барысынан хабардар етті. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, қаланың өңірлік жалпы өнім көлемі 2,8 паыйзға артқан, шағын және орта бизнесті несиелеу 35 пайызға өсіп, 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған, сондай-ақ қаланың шағын және орта бизнес субъектілері өнімінің көлемі 30 пайызға артқан. Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.