06 тамыз 2014 | 20:31

Елбасы білім министріне жұмысқа орналасқан студенттерді санап шығуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Үкіметтің Ақордадағы кеңейтілген отырысында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке Елбасы Н.Назарбаев әрбір бітіруші түлекті жеке санап шығуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Үкіметтің Ақордадағы кеңейтілген отырысында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке Елбасы Н.Назарбаев әрбір бітіруші түлекті жеке санап шығуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Білім министрі мен әкімдерге биыл барлық түлектердің өзің жеке санап шығуды тапсырамын. Келесі жылы қаңтар айында Қазақстанда жүз мың түлек бар, олардың осыншасы жұмысқа барады деп хабарлап тұрасың. Түсіндің бе? Міне осы жұмыс. Ал қол қусырып отыруды бәрі біледі" - деді Н.Назарбаев Аслан Сәрінжіповке.

"Шымкент университетінде 2013 жылы 740 түлек бар, оның 250-і жұмысқа орналасты. Ол барлық түлектердің 34%-ын құрайды. Қалған бөлігі әлі жұмыс тапқан жоқ. Ақтөбе университетінде жұмысқа орналастыру 30%-дан аз" -деп өз сөзін нақтылады елбасы.

"(...) Мемлекет білім беруге қомақты қаражат бөледі, гранттар береді. Жалпы алғанда, жаман емес, 80% түлектер жұмысқа орналасады. Ал, ауыл квотасы бойынша тек 40% ғана жұмысқа тұрады. Жекеменшік университеттердің білім беру сапасының төмендігінен түлектер жұмысқа орналаса алмайды. Бұл тағы да университет мәселесі" - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Президенттің айтуы бойынша, бүгінгі таңда кадрлар даярлаудың құрылымы мен сапасы сын көтермей тұр. Осыған байланысты білім және ғылым министрі мен жергілікті елді мекендердің әкімдері осы олқылықтың орнын толтыруға барынша күш жұмсауы керек.

"Бізде қазір білім беру мәселесі бойынша заң жобасы дайындалып жатыр. Ол жобада білім берудің қос формасы, яғни, колледж студенттерінің міндетті өндірістік тәжірибеден өтуі назардан тыс қалған жоқ. Барлық ірі және шағын бизнес, жергілікті әкімдер осы мәселе бойынша жұмыс жасауы керек. Әлем бойынша үлкен тәжірибе бар. Мысалы, өз басым Германияның осындай тәжірибесімен жете таныстым. Барлық мекемелер адамдарды қабылдап, тәжірибеден өткізіп, үйретуге міндетті. Бірақ ол адамның сол мекемеде жұмыс істеуге қалуы міндетті емес. Ол Қазақстанның басқа өңіріне барып өз үйренгенін қажетке жаратады" - деді Елбасы.

Еске салайық, бүгін, 6 тамыз күні Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізген болатын. Онда Мемлекет басшысы Үкіметтің қайта құрылатынын мәлімдеді. Сөйтіп, 17 министрлік, тоғыз агенттік, 54 комитет пен 272 департаменттің орнына 12 министрлік пен 30-ға жуық комитет құрылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети