30 сәуір 2021 23:01

Елбасы Ескендір Хасанғалиевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың біртуар әнші-композиторы, Қазақ КСР-ның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ескендір Хасанғалиевтің өмірден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағаны айтылады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

"Ескендір Хасанғалиев өзінің қайталанбас туындылары арқылы қазақ музыка өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Оның "Атамекен", "Әдемі-ау", "Ескірмеген махаббат" сияқты патриоттық және лирикалық әндері қалың көпшіліктің жүрегінен ерекше орын алып, қазақстандықтардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен отаншылдық сезімін күшейте түсті.

Талантты тұлғаның артында қалдырған мол музыкалық мұрасы мен оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп кәміл сенемін", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, Ескендір Хасанғалиев 82 жасына қараған шағында қайтыс болғаны хабарланды. Бұған дейін әншіден коронавирус жұқтырғаны анықталған. Бірнеше күн бойы ол ауыр халде жатып, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети