Мигранттарды Еуропа елдеріне кіргізбеуінің себебі көшбасшыларының өз ұлттарының мүдделерін ескереді. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропа одағындағы көші-қон дағдарысына қатысты осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат республикалық телеарналардың эфирінде көрсетілді.
Мигранттарды Еуропа елдеріне кіргізбеуінің себебі көшбасшыларының өз ұлттарының мүдделерін ескереді. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропа одағындағы көші-қон дағдарысына қатысты осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат республикалық телеарналардың эфирінде көрсетілді.
Мемлекет басшысы әлемдегі демократиялық жүйелердің дамуы жайлы айтып берді. Сондай-ақ, ол жалпы ішкі өнімнің жоғарылығымен ерекшеленетін Сингапур көшбасшыларының авторитаризм үшін бірнеше рет айыпталғанын айтып өтті. "Біздің қоғам батысқа қарағанда өзгеше. Католиктер қоғамы, әсіресе, протестанттық қоғам деп айтуға болады: Мен өзім үшін өзім жауап беремін және ағамнан алсам, тек қарызға ала аламын", - деді Назарбаев Қазақстанның туыстық қарым-қатынасқа деген басқаша көзқараста екенін айта отырып.
Сондай-ақ, Президент Агата Кристидің сөзін келтірді. "Жастардың көбі егде жастағы адамдарды ақымақтау деп санайды, ал қарт кісілер жастардың ақымақ екенін айтады. Себебі олар жастардың басынан өткенін көріп қойды, ал олар болса бұдан енді өтеді. Одан өте ме, жоқ па? Біз қалаған дүниемізге қадам басып барамыз. Біздің мақсатымыз - сол қарт кісілер сияқты болу. Елге бір топ мигрант келе бастаған кезде сол жүйеде де күмән туа бастады. Оларды елге неге кіргізбейді? Бұл ашық, демократиялық қоғам ғой. Бірақ бұл жерде ұлттың мүддесі ескеріліп отыр. Әлемде әр түрлі жүйе жұмыс істейтіндей ету керек және адам осы жүйелердің ішінде ең жақсысын таңдап алуы қажет. Бастысы адам ұстанған бағыт, яғни, демократия. Бұл басы емес, бұл біздің жолымыздың соңы", - деді Президент.
Айта кетейік, осыған дейін Назарбаевтың мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұраққа жауап бергені хабарланған еді. Кейін журналистер саяси бәсекелестіктің жоқтығы жайлы сұрақ қойған болатын.
Еске салайық, Кездесуге қатысушылар "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.
Кездесуге "Қазақстан", "Хабар", "МИР" телеарналарының, "Айқын" газетінің, "Esquire" журналының, "Қазақпарат" ақпарат агенттігінің журналистері қатысты.