Елбасы жан-жақты жағдай жасалатын бағыт сілтеп отыр - Асанәлі Әшімов

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Асанәлі Әшімов Асанәлі Әшімов

Совет Одағы мен Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Совет Одағы мен Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асанәлі Әшімов Елбасымыздың жолдау мақаласындағы рухани жаңғыруды дамудың ең басты белестерінің бірі деп есептейтінін айтады. "Себебі, рухы, салт - дәстүрі, тілі жоғалған халықты ешкім, ешқашан білмек емес. Тарихын бойына сіңіріп өскен ұрпақ қана, әр қилы уақытта, сан қилы тағдырдың бұралаң жолында адаспауы ақиқат. Осының барлығына қырағы көзімен шолу жасап, қорықпай қанат қағуға итермелеу, қажырлы еңбекті талап етеді. Сондықтан, елбасымыз бүгінгінің ғана мүддесін ойлап қоймай, ұрпақтан ұрпаққа сабақтасып жататын, сағын сындырмай, барын барымталатпай, бағын балталатпай, өзім дегенде өзегінде ар мен намыс біте қайнасып жататын ұл мен қыздың өсіп - өнуіне жан-жақты жағдай жасалатын бағыт сілтеп отыр. Енді, біз, әрбір сәтте жалғыз мақсатқа жаппай қолдау білдіріп, жұмыла атсалыссақ қана, жарқын болашаққа қадам басқан әр перзентімізге табыстайтын мұрамыз да жарқын болады", - деп пікір білдірді ол.

Ал Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының директоры Ерлан Біләл мақалада айтылған ойды барлығы да қолдауы керек екенін айтады. 

"Бүгінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бүгінгі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты жолдау мақаласында айтылған рухани жаңғыру мен заманауи ілгерілеудің жүгенін тартып ұстасып, жүгін қатар көтерісетін азамат, азаматша тәрбиелей алу мен білімді, жан - жақты ұрпағы бар елдердің көшбасшысы болу қай-қайсымыздың да көкейімізге қонары хақ! Елбасының "Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс", "Жаңғыру елдің ұлттық - рухани тамырынан нәр алуы керек" - деген жалғыз-ақ сөйлем ішінде ертеңге деген ел мүддесін ойлау, өткеннен сабақ ала отырып, бүгінгі күнді қарқынды дамыта алу жолын қарастыру - ертеңін ойлаған азаматтың ісі. Ендеше, бұл сүбелі ойды барлығымыз да қолдауға тиістіміз деп ойлаймын", - деді Ерлан Біләл. 

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, актер Болат Әбділманов Назарбаевтың дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолында жастардың қосар үлесі орасан зор маңызға ие екендігін баса көрсеткенін айтады. 

"Тәуелсіз Қазақстанның күн сайын ғарыштап дамуы жолындағы басты қағидаларының беріктігі негізінде Отанымыз түбегейлі жаңғыру және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға қабілетті болып отыр. Барша қазақстандық жастар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының құндылығы зор мақаласынан үлкен жігер, болашаққа деген сенім алды! Елбасы сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс деп жастарды заман талабына сай жан-жақты болуға үндеді. "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы арқылы Н.Ә.Назарбаев дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолында жастардың қосар үлесі орасан зор маңызға ие екендігін баса көрсетті. Біз артылған үміт пен сенімді ақтауға аянбай еңбек етуге дайынбыз!", - деді Әбділманов.

Айта кетейік, кеше, 12 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы жарияланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro