1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Елбасы Жастар жылын жариялады14 қараша 2018, 17:26

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жастарды кешенді қолдау мақсатында Жастар жылын жариялау туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
"Жастарды кешенді қолдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2019 жыл Жастар жылы деп жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жастар жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Ақорданың сайтында.