Нұрсұлтан Назарбаев Олимпиадалық құрама спортшыларымен кездесті ©Аkorda.kz
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде Қазақстанның олимпиадалық құрамасы мүшелерімен кездесті деп хабарлайды Tengrinews.kz Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ұлттық олимпиадалық комитетінің қонақүйінде өткен кездесу барысында Сочидегі Ойындардың Олимпиадалар тарихында республикамызға ең жақыны екенін атап өтті. Сонымен бірге, ол спортшыларымыздың мұнда келуінің өзі үлкен жетістік екенін айтты. "Сіздердің әрқайсыңыздың олимпиадалық лицензияны жеңіп алуыңыздың өзі - спорттық карьерадағы үлкен жетістік. Лондон Олимпиадасынан кейін біз спорттық жетістіктер деңгейін жоғары көтердік, мен енді сіздерге жаңа жеңістер тілеймін. Бүгінде мемлекет сіздердің халықаралық аренада зор жетістіктерге жетулеріңіз үшін барлық жағдайды жасап отыр. Менің тапсырмам бойынша барлық қажетті қаражат бөлініп, спорт ғимараттары салынды, сіздермен ең үздік отандық және шетелдік бапкерлер жұмыс істейді. Өз басым сіздерді әрдайым қолдаймын әрі жетістіктеріңізді қадағалап отырамын", – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев газеттер мен телевидениенің арқасында қазақстандық олимпиадашылардың әрқайсысын жақсы білетінін және оларға бүкіл еліміз нағыз жанкүйер болатынын айтты. "Жанкүйерлер бірінші рет Олимпиаданы жаңадан ашылған "ҚазСпорт" арнасынан көреді. Сіздер үшін миллиондаған отандасымыз жанкүйер болады және сіздерден жоғары нәтижелер күтеді. Біз Сочидегі басты мәреге олимпиадашылар мен жаттықтырушылар – барлығы жақсы дайындалғанын білеміз", – деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев 2022 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындарды өткізуге Алматының кандидатурасы ұсынылғанын, елімізде заманауи спорттық инфрақұрылымдар мен жарыстарды ең жоғары деңгейде өткізу тәжірибелері бар екенін баяндады. Өз кезегінде олимпиадашы спортшыларымыз ұдайы қолдауы үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдіріп, естелік кәдесый тапсырды. Кездесу соңында Қазақстан Президенті спортшыларға денсаулық, жауынгерлік рух пен олимпиадалық жеңістер тіледі. Елбасы қонақүйдегі кездесу барысында "Астана Экспо-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтың Астанада дүниежүзілік көрмені өткізу жоспарлары туралы және Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің 2022 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындарды өткізуге Алматы қаласы тапсырысының дайындық барысы жайлы есептерін де тыңдады. Нұрсұлтан Әбішұлы Сочиде "Россия" телеарнасының "Вести в субботу" бағдарламасының жетекшісі әрі жүргізуші Сергей Брилевке сұхбат берді. Онда Елбасы Сочи Олимпиадасы дайындығының арқасында бұл қаланың теңдесі жоқ курортты аймаққа айналғанын атап өтті. Ол Ресейге бұл маңызды шараны абыроймен өткізуді тілеп, Олимпиаданың әлемде жанжалдардың азаюына септігін тигізетініне сенім білдірді.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде Қазақстанның олимпиадалық құрамасы мүшелерімен кездесті деп хабарлайды Tengrinews.kz Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ұлттық олимпиадалық комитетінің қонақүйінде өткен кездесу барысында Сочидегі Ойындардың Олимпиадалар тарихында республикамызға ең жақыны екенін атап өтті. Сонымен бірге, ол спортшыларымыздың мұнда келуінің өзі үлкен жетістік екенін айтты. "Сіздердің әрқайсыңыздың олимпиадалық лицензияны жеңіп алуыңыздың өзі - спорттық карьерадағы үлкен жетістік. Лондон Олимпиадасынан кейін біз спорттық жетістіктер деңгейін жоғары көтердік, мен енді сіздерге жаңа жеңістер тілеймін. Бүгінде мемлекет сіздердің халықаралық аренада зор жетістіктерге жетулеріңіз үшін барлық жағдайды жасап отыр. Менің тапсырмам бойынша барлық қажетті қаражат бөлініп, спорт ғимараттары салынды, сіздермен ең үздік отандық және шетелдік бапкерлер жұмыс істейді. Өз басым сіздерді әрдайым қолдаймын әрі жетістіктеріңізді қадағалап отырамын", – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев газеттер мен телевидениенің арқасында қазақстандық олимпиадашылардың әрқайсысын жақсы білетінін және оларға бүкіл еліміз нағыз жанкүйер болатынын айтты. "Жанкүйерлер бірінші рет Олимпиаданы жаңадан ашылған "ҚазСпорт" арнасынан көреді. Сіздер үшін миллиондаған отандасымыз жанкүйер болады және сіздерден жоғары нәтижелер күтеді. Біз Сочидегі басты мәреге олимпиадашылар мен жаттықтырушылар – барлығы жақсы дайындалғанын білеміз", – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев 2022 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындарды өткізуге Алматының кандидатурасы ұсынылғанын, елімізде заманауи спорттық инфрақұрылымдар мен жарыстарды ең жоғары деңгейде өткізу тәжірибелері бар екенін баяндады. Өз кезегінде олимпиадашы спортшыларымыз ұдайы қолдауы үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдіріп, естелік кәдесый тапсырды.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті спортшыларға денсаулық, жауынгерлік рух пен олимпиадалық жеңістер тіледі. Елбасы қонақүйдегі кездесу барысында "Астана Экспо-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтың Астанада дүниежүзілік көрмені өткізу жоспарлары туралы және Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің 2022 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындарды өткізуге Алматы қаласы тапсырысының дайындық барысы жайлы есептерін де тыңдады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Сочиде "Россия" телеарнасының "Вести в субботу" бағдарламасының жетекшісі әрі жүргізуші Сергей Брилевке сұхбат берді. Онда Елбасы Сочи Олимпиадасы дайындығының арқасында бұл қаланың теңдесі жоқ курортты аймаққа айналғанын атап өтті. Ол Ресейге бұл маңызды шараны абыроймен өткізуді тілеп, Олимпиаданың әлемде жанжалдардың азаюына септігін тигізетініне сенім білдірді.