18 наурыз 2014 15:15

Елбасы көктемгі егіске қажетті барлық жағдайды жасауды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Akorda.kz ©Akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке көктемгі егіс жұмыстарына қажетті барлық жағдайды жасауды тапсырды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап. Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Президентке ведомствоның 2013 жылғы қызметінің қорытындылары және 2014 жылға арналған міндеттері, сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндады. Министр агроөнеркәсіп кешенін, оның ішінде, мал шаруашылығын дамыту барысы және салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы да айтып берді. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев оңтүстік өңірлерде егіс науқаны, ал солтүстік облыстарда оған дайындықтың басталуына орай көктемгі егіс жұмыстарын өз уақытында және сапалы жүргізуге қажетті барлық жағдайды жасауды тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети