23 қыркүйек 2016 | 18:28

Елбасы Қостанай облысы жұртшылығымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

Облыстық филармония ғимаратында Нұрсұлтан Назарбаев өңір жұртшылығының танымал өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Облыстық филармония ғимаратында Нұрсұлтан Назарбаев өңір жұртшылығының танымал өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Басқосуға өз ісінің кәсіпқой маманына айналған әртүрлі қызметтегі азаматтар, еңбек сіңірген ардагерлер, жастар лидерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Мемлекет басшысы жиналған қауымды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, республиканың елеулі жетістіктерін атап өтті.

"Біздің барлық жетістігіміз мықты іргетасқа - ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа негізделген. Ұлттық бірлік пен келісім - Тәуелсіздігіміздің басты жетістігі. Саясатта, экономикада, қоғамда, мәдениетте түбегейлі өзгерістер болды. Мемлекетіміздің халықаралық беделі айтарлықтай артты. Атап айтқанда, сындарлы сыртқы саясатымыз және әлемдік антиядролық қозғалыстағы барша жұрт мойындаған көшбасшылығымыз Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қабылдануына септігін тигізді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті еліміз ширек ғасырда әлем жұртшылығына танылып, әлеуметтік-экономикалық және мәдени әлеуетіміздің артуына септігін тигізген ауқымды нәтижелерге қол жеткізгеніне тоқталды.   

"Келер жылы Қазақстан "ЭСКПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін ТМД аумағында бірінші болып өткізгелі отыр. Бұл іс-шараға 100-ден астам ел және көптеген халықаралық ұйымдар қатысады. Қазақстанның әрбір өңірі осы тарихи оқиғаны табысты өткізуге қомақты үлесін қосуы керек", - деді Мемлекет басшысы.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай жері Қазақстанның негізгі астықты аймағының бірі екенін айрықша атап айтты.  

"Дамыған тау-кен және машина жасау секторлары бар ірі аграрлық-өнеркәсіп кешені осы өңір үшін ғана емес, бүкіл республика үшін де мықты экономикалық база болып саналады. Қостанай - ауыл шаруашылығы дамыған басты өңірлердің бірі, бұл өңір еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қомақты үлес қосуда. Облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 25 жыл ішінде 295 миллиард теңгеге дейін өсті", - деді Мемлекет басшысы.  

Қазақстан Президенті сондай-ақ өңірдің ресурстық әлеуетіне және дамыған өнеркәсібіне назар аударды.

"Мұнда асбест қорының 100 пайызы, республикадағы алюминий шикізатының 98 пайыздан астамы және темір рудасының 93 пайызы шоғырланған. Индустрияландыру жылдарында облыста 121 миллиард теңге инвестиция тартылған 82 жоба іске қосылды. Осыған орай 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Индустрияландыру автомобиль құрылысы мен металлургия сияқты өңдеу өнеркәсібінің жаңа секторларын қалыптастыруға мүмкіндік тудырды. 2010 жылдан бері 29 мыңға жуық жеңіл автокөлік құрастырылды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған қоса, Мемлекет басшысы өңірдің көлік және әлеуметтік инфрақұрылымын кешенді дамытудың маңыздылығын атап өтті. 

"Облыс тұрғындары үшін "Алтынсарин - Хромтау" және "Арқалық - Шұбаркөл" бағытындағы жаңа теміржолдар құрылысы маңызды оқиға болды. Бұл әлеуметтік-экономикалық дамуға тың серпін берді. 25 жыл ішінде өңірде 5 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді", - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Қостанайлықтар Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірге ұдайы көрсетіп отырған қамқорлығы және тиімді мемлекеттік саясаты үшін алғыс білдірді. 

Сондай-ақ кездесу барысында Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және оны дамыту перспективалары туралы баяндады.

Соңында Мемлекет басшысы жиналған қауымды Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, оларға береке-бірлік пен табыс тіледі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети