1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Елбасы мамырдың аяғында Қытайға барады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.  ©REUTERS ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мамыр айының аяғында Қытайға барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Президенті 19-20 мамырда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруы бойынша Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар қытай компаниялары басшыларымен кездесу өткізеді", - делінген хабарламада.

21 мамырда Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің IV Саммитіне қатысады деп жоспарланған, онда тұрақтылық пен өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қарастырылады.