17 наурыз 2014 21:30

Елбасы мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Әскери жаттығу. Фото ©Ярослав Радловский

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру" туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап. "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қатарынан запасқа шығарылсын" - деп жазылған Жарлықта. Сондай-ақ, "Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ҚР Қарулы Күштеріне, ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ҚР Республикалық ұланына, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын" - делінген аталған Жарлықта. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram