Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Сарыағаш ауданындағы "Био Семена" ЖШС-ында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев көкөністер тұқымын және көшені безендіруге арналған ағаш көшеттерін өсіру жұмысымен танысты.

Сапар барысында Мемлекет басшысына өңірдегі ауыл шаруашылығының ахуалы мен оны дамыту мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берілді. "Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен және Сарыағаш ауданының жұртшылығы өкілдерімен әңгімелесті", - делінген Ақорда сайтындағы хабарламада.
Айта кетейік, "Био Семена" ЖШС бағы егістігінің жалпы көлемі 60 гектар, оның 27 гектарын көше безендіруге арналған ағаштар алып жатыр, 33 гектары тұқымдық егістікке тиесілі. Бүгінге дейін кәсіпорын 250 жұмыс орнын ашқан.