Елбасы талантты жас жырауға домбыра сыйлаған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Елбасы талантты жас жырауға домбыраны сыйға тартқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Елбасы талантты жас жырауға домбыраны сыйға тартқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

6 шілде Елорда күніңе орай Елбасымен кездескен Сыр елінің жас жеткіншектерін таныстыру мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасы мамандары арнайы сұқбат жүргізген болатын. Тұңғыш президентпен кездескен жас жеткіншектің бірі Арай Оңғарқызы.

2016 жылы Алматы қаласындағы Орталық музейдің ашылуында Елбасымен кездескен тарихи сәт жасөнерпаздың әлі де есінде. Арай бұл кездесуді біраз уақытқа дейін зор мақтанышпен сыныптастарына айтып жүрген.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының тумасы Арай Оңғарқызы "Ұлттық музыкалық аспаптар" мұражайының ашылуына шақырту алып, ақын Айдос Рахметовтің "Елін сүйген Елбасы" атты термесін Сыр елінің мақам сазымен Тұңғыш президенттің алдында орындаған. Елбасы талантты жас жырауға қазақтың киелі домбырасын сыйға тартқан.
Арай бүгінде 12 жаста. "Тұңғыш президентпен кездескен тарихи сәт мені үлкен қуанышқа бөледі. Елбасының қолынан қазазақтың киелі домбырасын алу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл Сыр еліндегі жас жыраулар мен өнерпаздарға деген құрмет деп білемін", - дейді.

Жас жырау Арай осы уақытқа дейін біршама додаларда топ жарып келеді. Мәселен Алматы қаласында өткен "Самға самұрық" атты II республикалық балалар байқауында "Дəстүрлі əн" жанры бойынша 1-орынды иеленіп, қосымша республикалық жанұялық "Игілік" журналына өзі оқып жүрген мектебі туралы мақала беруге арнайы грант жеңіп алған. Мұнан кейінде Қызылорда қаласында өткізілген "Дала сазы" атты республикалық байқауының Халықтық орындау жанры бойынша 1-орынды иемденіп, Сочи қаласында өткізілетін байқауға жолдама алған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer