Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Елбасы Үкімет басшысы қызметіне Мәсімовті ұсынды

02 Сәуір 2014, 18:27
0
 Кәрім Мәсімов. ©government.kz
Кәрім Мәсімов. ©government.kz

Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр қызметіне Кәрім Мәсімовті ұсынды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Премьер-министрі қызметіне Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын ұсынды", - делінген хабарламада. 

Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов 1965 жылы туған. Ол еңбек жолын ҚР Еңбек министрлігінде бас экономист, бөлім бастығы болып бастады. Кейін республиканың Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің Үрімші қаласындағы (ҚХР) өкілдігінің бас маманы, Қазақстан сауда үйінің Гонконгтегі атқарушы директоры болды. Алматы сауда-қаржы банкі және Қазақстан халқы жинақ банкі басқарма төрағасы қызметтерін атқарды. Әр жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Президентінің көмекшісі, Премьер-министрдің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып тағайындалды. 2007 жылдың қаңтар айынан бастап, ҚР Премьер-министрі, 2012 жылдың қыркүйегінен бері ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі қызметтерін атқарды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай