10 қазанда әлемдегі ең үлкен ядролық сынақ полигонын жабудың 25-жылдығына орай, өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және жаһандық қауіпсіздікті күшейтуге нақты үлес қосқан, соғыс, терроризм, жаппай қырып-жою қаруларын таратуға қарсы және кедейлікті еңсеру жолында берік тұрған әлемдік қайраткерлерді және ұйымдарды қолдауды көздеген "Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздікке үлес үшін Назарбаев сыйлығы" тағайындалғаны жарияланды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мен ядролық қарусыздану мен жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін халықаралық сыйлық тағайындау жөнінде шешім қабылдадым", - деді осы орайда Президент.
"Аталған сыйлықтың алғашқы лауреаты болып Иордания королі ІІ Абдалла таңдалды", - деп Елбасы жария етті.
Сыйлық корольге 2016 жылғы 16 қарашада Астанада өтетін салтанатты іс-шарада табысталады.
Лауреатты таңдағанда Иорданияға 1,5 миллионнан астам сириялық босқындарды қабылдау мен, соның ішінде өңірде ядролық қарудан азат аймақты құру арқылы Таяу Шығысты бейбітшілік аумағына айналдыру бағытындағы батыл жігері үшін Корольдің ғаламдық бейбіт пен қауіпсіздікке қосқан үлесі назарға алынды.
Сыйлық Елбасының 2016 жылғы сәуірде Вашингтондағы Ядролық қауіпсіздік саммиті барысында жарияланған "Әлем. XXI ғасыр" Манифесті идеяларына орай тағайындалып отыр.
"Бұдан кейін арнаулы комитет құрылып, оның шешімімен сыйлық жыл сайын Семей полигонының жабылған күні – 29 тамызда тапсырылатын болады", - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.
Сыйлықты тағайындау Қазақстанның мемлекеттер мен саясаткерлердің адамдардың қайғы-қасіретіне жол бермеу мен жаһандық бейбітшілік жолын қуу үшін жауапкершілікті өз мойындарына алуға тиісті екендігіне деген кәміл сенімділігін куәландырады. Сыйлық халықаралық ынтымақтастық пен өзара түсіністікке деген сенімге ортақтасатын беделді қайраткерлерді ұлықтайтын болады.