"Нұр Отан" партиясы Астана халықаралық әуежайына Елбасы есімінің берілуін заңды құбылыс деп бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның сайтына сілтеме жасап.
"Нұр Отан" партиясы Астана халықаралық әуежайына Елбасы есімінің берілуін заңды құбылыс деп бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның сайтына сілтеме жасап.
"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед партия департаменттері жетекшілерінің және облыстық филиал басшыларының қатысуымен кеңейтілген жиын өткізді. Онда 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында атқарылған жұмыс қорытындыланып, алдағы қысқа және ұзақ мерзімді іс-әрекеттердің басым бағыттары айқындалды.
Отырысты ашқан Мұхтар Құл-Мұхаммед алдымен Астанадағы халықаралық әуежайға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілгенін зор қуанышпен хабарлап, барша партиялықтарды осынау айтулы жаңалықпен құттықтады.
"Тәуелсіз мемлекетіміздің әрі Астанамыздың негізін салушы Елбасымыз есімінің халықаралық әуежайға берілуін әбден заңды құбылыс деп білемін. Америкада Нью-Йорк әуежайы Джон Кеннеди, Ыстамбұлда Ататүрік есімін иеленген. Бұл оқиғаның қазақтың атын әлемге танытқан ЕХРО-2017 көрмесі кезінде орын алуы өте дұрыс болды. Әрдайым халқының шынайы қолдауына ие болып, Қазақстанды өркениет биігіне бастап келе жатқан Елбасымызды әлемдік қауымдастық еліміздің символы ретінде қабылдайды. Сондықтан барша қазақстандықтарды бүкіл дүние жүзіне тараған қуанышты жаңалықпен шын жүректен құттықтаймын", - деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.