26 сәуір 2022 | 14:03

"Елбасының ерекше құқықтары шектеледі". Алдағы Конституциялық Кеңесте қандай мәселелер қозғалады?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Даниал Оқасов© Фото Даниал Оқасов©

Конституциялық Кеңес Тоқаевтың өтінішін қабылдап, отырыс өткізетін болды. Онда қандай мәселелер қаралады? Tengrinews.kz тілшісі Заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры Ермек Абдрасуловтан сұрады. 


Иконка комментария блок соц сети

Конституциялық Кеңес Тоқаевтың өтінішін қабылдап, отырыс өткізетін болды. Онда қандай мәселелер қаралады? Tengrinews.kz тілшісі Заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры Ермек Абдрасуловтан сұрады. 

Профессордың айтуынша, Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңес отырысын өткізуге өтініш білдірген.

"Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Конституцияның 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарау туралы өтінішін іс жүргізуге қабылдады. Мұнда Конституцияның негізгі базалық принциптері қаралады. Ары қарай жоба Парламентке өтеді", - дейді ол.

Ермек Абдрасулов алдағы Конституциялық Кеңес отырысында қандай мәселе қаралатынын айтты. 

"Конституциялық кеңестің бірнеше өкілеттігі бар. Сондай өкілеттіктің бірі осы шақырылымда жүзеге асады. Нақтылап айтқанда, әлі қабылданбаған заңның Конституцияға сәйкестігі анықталады", - деді Заң ғылымдарының докторы. 

Ол Конституцияға дейінгі өзгерістер қашан енгізілгенін еске салды.

"Конституциядағы негізі өзгерістердің барлығы 2017 жылы аяқталған. Тек 2019 жылы елорданың атауын Нұр-Сұлтанға өзгерткен заң нормасын есепке алмасақ, айтарлықтай өзгеріс болған жоқ", - деді ол. 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі 7 мүшеден тұрады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы ғұмыр бойы Кеңеске қатыса алады. 

"Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық Кеңестің отырысына қатыса алады. Оған ешқандай шектеу жоқ. Әрине, бұл Елбасының еркіндегі мәселе", - дейді Абдрасулов.

Сонымен қатар, профессор Елбасының өкілеттігі туралы конституциялық заңның нормасын түсіндірді. 

"Елбасының өкілеттігі туралы конституциялық заңның күші жойылады. Жоба ашық жарияланды. 46-бапқа сәйкес, Конституцияда Тұңғыш Президенттің жаңа мәртебесі бекітілмейді, тек оның тарихи рөлі нақтыланады. Сонымен бірге, жұмыс тобының бастамасымен Тұңғыш Президенттің өкілеттіктеріне қатысты барлық норма Конституциядан алып тасталады. Енді Тұңғыш Президент - Елбасы туралы конституциялық заң алдағы уақытта күшін жояды", - дейді ол. 

Ермек Абдрасулов Конституциялық Кеңестің отырысынан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы қалай өзгеретінін жеткізді.

"Елбасының көптеген құқықтары Конституциялық заңда көрсетілген еді. Енді ол норма болмайды. Заңда көрсетілген Тұңғыш Президенттің ерекше құқықтары шектеледі. Қазақстан Конституциясында Президент және экс-президент туралы заң бар. Елбасының ендігі өкілеттігі осы заң жобасымен белгіленеді. Айта кеткім келеді, бұл заң енді барлық бұрынғы президенттерге қатысты болады. Алдағы уақытта Президент Тоқаев отставкаға кетсе, оның да құқығы Тұңғыш Президентпен бірдей болады. Артық және ерекше заң нормалары қарастырылмаған", - деп қорытындылады профессор. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети