Қазақстандықтар өзге мемлекеттің альпинистерімен бірге Ресей мен Еуропаның, Кавказдың ең биік нүктесі - Элбрус шыңына (5642 метр) шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандықтар өзге мемлекеттің альпинистерімен бірге Ресей мен Еуропаның, Кавказдың ең биік нүктесі - Элбрус шыңына (5642 метр) шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Альпинистер шыңды Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай бағындырды. Қолайсыз табиғи жағдайда (желдің жылдамдығы секундына 80 шақырым және -25°С температурасы) Александр Софрыгин, Александр Серазетдинов және Дмитрий Неверов Эльбрус шыңына Мемлекеттік Туды тікті. Сонымен қатар, шыңда Мемлекеттік Әнұран орындалды.
©Александр Софрыгин
Red Fox Elbrus Race 2015 фестивалі бағдарламасының аясында 6 мамырда Эльбрустың батыс шыңына жылдамдықпен шығу бойынша жарыс өтті. 14 елден келген 320 қатысушының ішінен үш жеңімпаз анықталды.
©Александр Софрыгин
Олардың ішінде Аггей Скопин - Қазақстан азаматы, ол үшінші орынды алды. Аггей Скопиннің айтуынша, Эльбрус шыңын бағындыру ҰОС жеңісінің 70 жылдығына арналды және сондықтан ол өзінің үздік көрсеткішін бтіркегісі келді.
"5100 метр биіктікке дейін мен бірінші болып жүгірдім. Бірақ Эльбрус бізді төзімділігімізді сынға алып, алдымыздан күшті желін тосты, жел бетті өбіп, дұрыс тыныс алғызбады. Мұрным ағарып кетті, қатал бәсекелестікте тоқтап, мұрынды құтқару керек болды. Ертеде Ленин (Памир) шыңында алған жарақатым мазалады. Бірақ, десек те, үшінші болып келдім де, Қазақстан туын Беларусь және Ресей елінің спортшыларымен бірігіп тіктім", - деді ол.
Еске салайық, осыған дейін 2014 жылы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығының қарсаңында қазақстандықтар Тянь-Шань тауының белгілі шыңдарына бірнеше рет шығып, экспедиция ұйымдастырған болатын. Барлық бағындыру кезінде Қазақстан әнұраны орындалды.
Осыған дейін Скопиннің 2013 жылы Эльбрус шыңына жылдамдықпен шығу бойынша жарыста алтын медаль алғаны хабарланған болатын.