Ельдар Абдразаков ForteBank директорлар кеңесін басқаратын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ельдар Абдразаков ForteBank директорлар кеңесін басқаратын болады

ForteBank директорлар кеңесі Centras компаниялар тобының негізін қалаушы және басшысы Ельдар Абдразаковты 2021 жылғы 01 желтоқсаннан бастап Директорлар кеңесінің төрағасы етіп тағайындау туралы шешім қабылдады. Ельдар 2019 жылдан бері Директорлар кеңесін басқарған Марлен Мирзабековтің орнын басады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тағайындау Директорлар кеңесінің стратегиялық басқару бойынша тиімді жұмысын одан ары жетілдіруге және Ельдар Абдразаковтың ForteBank капиталына қосылу ниетіне байланысты. ForteBank Директорлар кеңесінің жаңа төрағасының мұндай қатысуы капиталдандырудың одан әрі өсуіне және қаржы институтының тұрақты дамуына ықпал етеді.

Ельдар Абдразаков осы тағайындалуына қатысты мынадай пікір білдірді.

"Соңғы үш жылда Директорлар кеңесінің жұмысына белсене қатыстым. Банк ең жоғары сапа стандарттарын ұстанады және оның өсу қарқыны да зор. Біз үшін бұл - жақсы инвестиция.

Біз Банк акцияларының 10 пайызына дейін инвестициялауды жоспарлап отырмыз. Мен бас акционер Болат Өтемұратовқа ForteBank-тің табысты дамуына қатысуға шақырғаны үшін алғыс білдіремін", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 495.73  course up  589.53  course up  6.42  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети