Елде қант тапшылығы бар ма? Вице-министр жауап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша есеп беріп, Қазақстанда 1,3 миллион тонна әлеуметтік маңызы бар тауар барын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша есеп беріп, Қазақстанда 1,3 миллион тонна әлеуметтік маңызы бар тауар барын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министр азық-түлік қоры қажет болғанына қарай күнделікті толықтырылып отыратынын айтты. 

"12 наурыздағы жағдай бойынша, республикада 1,3 миллион тонна әлеуметтік маңызы бар тауар бар. Оның ішінде, 144 мың тонна ұн, 90 мың тонна қант, 39,3 мың тонна күріш, 21 мың тонна макарон өнімдері және 900 мың тоннадай көкөніс бар", - деді ол. 

Жеңіс Өсербай жарма, ұн және басқа да тауарларды өндіру үшін шикізат жеткілікті екенін айтты. Ет және сүт өнімдері үшін де ауыл шаруашылығында мал басы жеткілікті екенін айтты.

"Барлық дерлік тауар түрін еліміз өзі өндіріп отыр" - деді ол. 

Ал жақында дүрбелең туған қант бойынша қазақстандық зауыттар республиканың қантқа сұранысын толықтай қамтамасыз етіп отырғанын айтты. 

"Бүгінгі таңда республика бойынша қант қоры - 90 мың тонна. Сауда нысандарында, қорлар мен қойма, азық-түлік корпорациялар, мемрезервте 42 мың тонна бар. Қант зауыттарында 47 мың тоннадай бар. Елде ай сайын 44 мың тонна қант тұтынылатынын ескерсек, зауыттар 50 мың тонна өндіре алады. Зауыттар республиканың қантқа сұранысын толықтай қамтамасыз етіп отыр

Азық-түлік корпорациясы қазіргі уақытта өтінім бойынша өңірлерге қант жеткізу, қабылдау бойынша жұмыс істеп жатыр. Қазақстан кондитерлер қауымдастығының мәліметінше, кондитерлік фабрикалар да алдағы уақытқа қантпен қамтамасыз етілген", - деді ол.

Сондай-ақ, елде ақ қант пен құрақ қантын 250 мың тонна көлемінде бажсыз әкелуге құқық берілгені айтылды. "Осылайша, қорлар мен квоталарды ескере отырып, республика толығымен қантпен қамтамасыз етілген деп айтқымыз келеді" деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қантқа байланысты дүрбелең туған еді. Кейбір дүкендерде сөрелер босап, кезек пайда болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro