05 қаңтар 2022 | 13:59

Елдегі барлық қаржы ұйымы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр - қаржы реттеушісі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Елдегі барлық қаржы ұйымы штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық Банкі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Елдегі барлық қаржы ұйымы штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық Банкі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ЕДБ-де (екінші деңгейдегі банктер) жалақы, зейнетақы, жәрдемақыларды есептеу және алу, банктік қызметтерді ұсыну секілді негізгі банктік сервистердің үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. Қаржы ұйымдарының банкоматтары мен терминалдары қолма-қол ақшамен толық көлемде қамтамасыз етілген", - делінген хабарламада.

Ал, қазақстандықтарға интернет желісіндегі ақауға байланысты банктік қосымшалар мен төлем терминалдары жұмысында уақытша үзілістер бар екені ескертілді.

"Әлеуметтік желіде несие кешірілетіні туралы тараған ақпарат жалған екенін ресми түрде мәлімдейміз. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен ҚР Ұлттық Банкі азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - деп толықтырды департамент.

Halyk Bank бірқатар өңірлерде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты банктің филиалдары мен банкоматтарының жұмысына шектеу қою мүмкін екенін айтты.

"Сіздерге Halyk Bank және оның барлық жүйелері, соның ішінде банкоматтар, Halyk Homebank жеке тұлғалары мен Onlinebank заңды тұлғаларына арналған банктік өтінімдер әдеттегідей жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз. Бірқатар өңірлерде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты банк филиалдары мен банкоматтарының жұмысына шектеулер болуы мүмкін екенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети