2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген заңдағы өзгерістерге сәйкес енді электр қуаты 100 киловаттан асатын қондырғыларды орнатуға рұқсат берілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап "ҚР Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметке арналған жағдайларды түбегейлі жақсарту мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы күшіне енді. Бұл заң бойынша Қазақстанның "Электр энергетикасы туралы" жазылған заңының 3-тармағы алып тасталды", - делінген хабарламада. Яғни, заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес, енді тұтынушыларға электр желісіне электр қуаты 100 киловаттан асатын қондырғыларды орнатуға рұқсат берілмейді.
Айта кетейік, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Электр желісіне электр қуаты 100 киловаттан асатын тұтынушылардың қондырғыларын орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметіне құжат қабылдау тоқтатылды.